2021 жылғы наурыздағы қаржы секторына шолу

2021 жылғы наурыздағы қаржы секторына шолу

БАСПАСӨЗРЕЛИЗІ

2021 жылғы наурыздағы қаржы секторына шолу

 

Банк секторы

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 25 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шет елдің қатысуымен (банктердің жалпы санының 60,0%-ы), оның ішінде 12 еншілес банк. Банк секторының активтері наурыз айында 1,3%-ға немесе 430 млрд теңгеге ұлғайып, 32 426,2 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың 1 тоқсанының соңында банк секторы активтерінің 4%-ға немесе 1 255 млрд теңгеге өсуі байқалады.

2021 жылғы наурызда банк секторы активтерінің құрылымында несие портфелінің 2,7%-ға (немесе 419,6 млрд теңгеге) өсуі байқалды. Екінші деңгейдегі банктерде шамамен 14,923 млрд теңгені немесе активтердің 46,0% -ын құрайтын айтарлықтай өтімділік резерві бар.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Ағымдағы жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 12,2%-ға ұлғайып, 283,3 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алды. 2021 жылғы наурыз үшін пайданың өсімі 89,0 млрд теңге болды.

01.04.2021ж. жағдай бойынша банктердің кредиттеуінің жиынтық көлемі 2021 жылғы наурызда 1,7%-ға ұлғайып, 14 792,7 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі  2021 жылғы наурызда 7 058,9 млрд теңгеге дейін  1,0%-ға ұлғайды (жылдың басынан бері төмендеу 0,5%), шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 426,8 млрд теңгеге дейін  5,1 %-ға төмендеді (жылдың басынан бері төмендеу 3,5%). 2021 жылғы наурызда жеке тұлғалардың кредиттерінің көлемі  7 733,7 млрд теңгеге дейін  2,2%-ға ұлғайды (жыл басынан бері – 2,8%-ға өсу).

Салалық бөліністе банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлеміндегі үлесі – 13,5%), сауда (11,8%), құрылыс (4,2%) және көлік (3,2%) сияқты салаларға тиесілі.

Халыққа ипотекалық кредит беру көлемі 2021 жылғы наурызда 1,8%-ға ұлғайды (2021 жылдың басына бастап – 0,2%-ға төмендеді) және 01.04.2021ж. жағдай бойынша 2 368,6 млрд теңге болды. Азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына берілген кредиттер 2,1%-ға өсті және 01.04.2021 жылғы жағдай бойынша 4 555,5 млрд. теңге болды (жыл басынан бері 3,8%-ға өсті).

2021 жылғы наурызда90 күннен астам мерзімі өткен берешегі баркредиттердің кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі үлесі 6,9%-дан 7,1%-ға дейін (1 064,3 млрд теңгеден 1 120,8 млрд теңгеге дейін) төмендеді, жеке тұлғалардың қарыздар портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 5,3%, ШОБ портфелінде – 12,4%, заңды тұлғалардың портфелінде – 5,5%) болды.

 

Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 01.04.2021ж. жағдай бойынша 2021 жылғы наурызда 3,7%-ға ұлғайып, 23 378,3 млрд теңге болды (жыл басынан - плюс 3,1%). Заңды тұлғалардың депозиттері өткен аймен салыстырғанда 11 896,3 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға ұлғайды (2021 жылдың басынан 5,3%-ға ұлғайды), жеке тұлғалардың депозиттері 11 481,9 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға (2021 жылдың басынан бері - 6,4%-ға) ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 2021 жылғы наурызда 2,5%-ға ұлғайды және 01.04.2021ж. жағдай бойынша 14 751,7 млрд теңге (2021 жылдан бастап  6,5%-ға өсу) болды, шетел валютасымен 8 626,5 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға (2021 жылға – 4,8%-ға) азайды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы наурызда 7 396,4 млрд теңгеге дейін 5,4%-ға азайды, шетел валютасымен – 4 499,8 млрд теңгеге дейін 11%-ға ұлғайды, бұл заңды тұлғалар депозиттерінің 37,8%-ын құрайды. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 7 355,3 млрд теңгеге дейін  3,8%-ға ұлғайды, шетел валютасымен депозиттері жеке тұлғалардың депозиттерінің 35,9%-ын құрай отырып, 4 126,7 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды.

Мерзімді депозиттер көлемі 2021 жылғы наурызда 1,5%-ға ұлғайып, 15 858,0 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 10 014,2 млрд теңге, шетел  валютасымен  – 5 843,8 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,3%), жеке тұлғалардың  депозиттері бойынша – 9,4% (2020 жылғы желтоқсанда – 9,2%) болды.

 

Сақтандыру секторы

01.04.2021ж. жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның ішінде 9 – өмірді сақтандыру бойынша. 2021 жылғы наурызда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 1,9%-ға (жылдың басынан ұлғаю –  8,7%) ұлғайды және 01.04.2021ж. жағдай бойынша 1 616 млрд теңге немесе ІЖӨ-нің 2,29%-ын болды. Ұлғаюға әділ құны бойынша бағаланатын, сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.

Активтер құрылымында ең көп үлеске (жиынтық активтердің 70%) бағалы қағаздар ие болды – 1 130 млрд теңге, олар 2021 жылғы наурызда 2,7 %-ға (жылдың басынан бастап –  9,5%) ұлғайды. Екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған салымдар 2021 жылғы наурызда 6,0%-ға азайып, 174  млрд теңге (жиынтық активтерден 10,8%) болды (жылдың басынан бастап 8,2%-ға төмендеді).

01.04.2021ж. жағдай бойынша қайта сақтандыру активтері 2021 жылғы наурызда        2,6%-ға ұлғайып, 83 млрд теңге (жиынтық активтердің 5,1%-ы) болды (жылдың басынан бастап 24,1%-ға өсті). Негізгі ұлғаю қайта сақтандыру активтері бойынша еңбек сіңірілмеген сыйақылар бойынша белгіленді, бұл жаңа қайта сақтандыру шарттарын жасауға байланысты болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  негізінен жарғылық капиталдың ұлғаю есебінен 2021 жылғы наурызда және 2021 жылғы 1-тоқсанда тиісінше 2,4% және 4,8%-ға ұлғайып, 698 млрд теңгені құрады. Сақтандыру секторының, негізінен сақтандыру қызметінен түскен кірістер есебінен алынған таза пайдасы 2021 жылғы наурызда 13,5 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2 266 715  шартты құрады. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 27,1 млрд теңге сомаға 159 835 төлем жүзеге асырылды, бұл  өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 59,3%-ға аз.

 

Бағалы қағаздар нарығы 

 

Акциялар нарығы

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру ағымдағы жылғы наурызда 2,9%-ға немесе 600 млрд теңгеге ұлғайып, 21,4 трлн теңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 12,2% немесе 2,3 трлн теңге). Ағымдағы жылғы наурызда акциялармен сауда-саттық көлемі 5,3%-ға немесе ағымдағы жылғы ақпандағы акциялармен сауда-саттық көлеміне қатысты 700 млн теңгеге азайып, 12,6 млрд теңгені құрады.

01.04.2021ж. жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 122 эмитенттің 138 акциясы болды, олардың 3 шығарылымы секторда айналысқа жіберілген листингтік емес бағалы қағаздар. Есепті кезеңде KASE ресми тізімінен «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ компаниясының акциялары банктік және өзге операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айырылуына байланысты алып тасталды. Ағымдағы жылғы наурызда KASE индексі 5,9%-ға 3 133,31 тармаққа дейін өсті. Баға белгілеулердің ең көп өсуі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың (+26,2%), «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-тың (+2,8%) акциялары бойынша болды.

 

Облигациялар нарығы

KASE-де саудаланатын корпоративтік қарыз көлемі ағымдағы жылғы наурызда 0,7%-ға немесе 100 млрд теңгеге азайып, 14,5 трлн теңгені құрады (жыл басынан 1,1%-ға төмендеген).

1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 79 эмитенттің шығарған 271 корпоративтік облигациялары болды. Ағымдағы жылдың наурыз айында KASE ресми тізімінен облигациялардың 10 шығарылымы: «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 5 шығарылымы олардың банктік және өзге операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылуына, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2 шығарылымы, олардың жойылуына байланысты, эмитенттің бастамасымен «Halyk Finance» АҚ 1 шығарылымы, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ 1 шығарылымы, оларды мерзімінен бұрын өтеуге байланысты және «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС 1 шығарылымы айналым мерзімінің өтуіне байланысты шығарылды.

KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 12,4% - ға немесе 19,8 млрд теңгеге өсті және 179,9 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 574,8 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың бірінші тоқсанындағы осыған ұқсас көрсеткіштен 98,7%-ға немесе 285,5 млрд теңге артық.

Ағымдағы жылдың наурызында жалпы сомасы 159,6 млрд теңгеге облигациялардың 7 шығарылымы орналастырылды, оның 99,2%-ы квазимемлекеттік сектор компанияларына тиесілі.

 

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

KASE-де сатылатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы 1 наурыздағы көрсеткішке қатысты 0,2%-ға немесе 31 млрд теңгеге төмендеп, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 17,9 трлн теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі ағымдағы жылдың ақпан айымен салыстырғанда 5,2 %-ға немесе 15,6 млрд теңгеге төмендеп, 283,4 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы сауда-саттық көлемі 2020 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,2%-ға немесе 93,2 млрд теңгеге ұлғайып, 924,7 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылғы наурызда мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін және жергілікті атқарушы органдарының облигацияларын орналастыру есебінен 212,5 млрд теңгені құрады.

Инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығында екінші деңгейдегі банктердің үлесіне 68,4%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,9%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 5,2% тиесілі болды, өзге заңды тұлғалардың үлесі 24,2%-ды, жеке тұлғалардың үлесі 0,3%-ды құрады. Бейрезиденттердің қатысуы 0,6%-ға бағаланады.

2021 ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын 37 брокер және (немесе) дилер (17 банк және 20 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 19 инвестициялық портфельді басқарушы, 2 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ ұсынды. Бұдан басқа, «Қазақстан қор биржасы» АҚ базасында орталық контрагент жұмыс істейді.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

2021 жылғы наурызда Агенттіктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту бойынша жәрдем ету және шаралар қабылдауға, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде жәрдем көрсету, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі туралы өтініштерін қарауға байланысты болды. Жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметімен байланысты 1 891 өтініші қаралды, бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 1,2%-ға (немесе 23 өтінішке) көп.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға) тиесілі, ол өтініштердің жалпы санынан 71%-ды құрайды. Қаржы нарығының секторлары бойынша үлес былайша бөлінген: микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет мәселелері бойынша – 9%, сақтандыру нарығы субъектілері – 1.4%, коллекторлық агенттіктер – 2,2%, сондай-ақ қаралған өтініштердің жалпы санының 16,4% –   өзге де ұйымдар бойынша.

 

Қолданылған ықпал ету шаралары жәнесанкциялар

2021 жылғы наурызда екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің әркеттерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша қаржы реттеушісі 6 қадағалап ден қою ұсынымдық шарасын, 5 жазбаша ұйғарым қолданды және жалпы сомасы 3 416,3 мың теңгеге 11 әкімшілік айыппұл салды.

 

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады.

2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде банктер  01.04.2021ж. қайта қаржыландыру бойынша 183,5 млрд теңге сомаға 29 027 өтінімді мақұлдады, 171 млрд теңге сомаға 28 039 қарызды қайта қаржыландырды, оның ішінде 2020 жылдан бастап 12,7 млрд теңге сомаға 1 389 қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 01.01.2016 жылға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөлігін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды конвертациялауды жүргізді.

Банктер Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде қарыздары бұрын ХӘОТ санаты бойынша Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және жеңілдік берілген төлем кестелерін белгілеу түрінде қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банктің балансындағы қарыз алушының жалғыз баспанасын оның меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыс 2021 жылғы 1 шілдеде аяқталады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 237-10-90, email:press@finreg.kz