«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының қабылданғаны туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы
3 ақпандағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 14 қаулысын (бұдан әрі – қаулы) қабылдады.
Қаулы Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі және ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулының электрондық түрдегі толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің https://zan.gov.kz/client/#!/doc/193857/rus сайтында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.
Адам капиталын дамыту департаменті
+7 (727) 237-12-34
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz