Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында21екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-і шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банк.

Банк секторыныңактивтерінегізінен несие портфелінің 1,5%-ға немесе 438,5 млрд теңгеге төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы қаңтарда 0,7%-ғанемесе0,4 трлнтеңгеге азая отырып, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша51,1 трлнтеңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердіңөтімділігі жоғары активтері15,3 трлнтеңгені немесе активтердің30,0%-ынқұрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банктердіңменшікті капиталыағымдағы жылғы қаңтарда3,5%-ға 7,1 трлн теңгегедейін ұлғайды. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,3%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,5%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

Банк секторыныңміндеттемелері2024 жылғы қаңтарда жеке тұлғалар салымдарының 2,5%-ға 19,9 трлн теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде1,4%-ға 44,0 трлнтеңгеге дейін азайды (міндеттемелердің құрылымындағы үлес 45,3%).

2024 жылғы қаңтарда екінші деңгейдегі банктерэкономикағабергенкредиттер0,3%-ға 27,9 трлнтеңгеге дейін, оның ішінде ұлттық валютада 0,1%-ға, 25,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 2,7%-ға 2,1 трлн теңгеге дейін негізінен теңгенің АҚШ долларына қатысты 1,5%-ға нығаюы аясында валюталық қайта бағалау нәтижесінде азайды. Нәтижесінде кредиттердің теңгемен үлес салмағы 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 92,3%-дан 92,5%-ға дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілерінеберілген кредиттер 2024 жылғы қаңтарда11 трлнтеңгеге дейін2,3%- ғатөмендеді. Олардың құрылымындағы заңды тұлғаларға берілетін кредиттер9,4 трлнтеңгеге дейін2,9%-ғатөмендеген. Оның ішіндеШОБ субъектілерінеберілетін қарыздар2,9%-ға5,5 трлнтеңгеге дейін,ірі бизнескеберілген қарыздар3,0%-ға3,9 трлнтеңгеге дейін төмендеді. Төмендеу корпоративтік сектордағы кредиттік белсенділіктің маусымдық баяулауына, қолданыстағы кредиттерді жоспарлы өтеуге, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына нығаюы аясында валютамен берілген  кредиттерді қайта бағалауға байланысты болды.

Бұл ретте дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 2024 жылғы қаңтарда1,6%-ға1,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

2024 жылғы қаңтарда дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер1,2 трлнтеңге сомасынажаңа қарыздарберді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда30,9%-ғаартық.

Халыққа берілген кредиттер2024 жылғы қаңтарда1,1%-ғаұлғайып,16,9 трлнтеңгені құрады. Халыққа берілген кредиттердің өсуіипотекалық кредиттеудің 0,5%-ға 5,3 трлнтеңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақтұтынушылық қарыздардың1,3%-ға 10,4 трлнтеңгеге дейін өсуіне байланысты.

2024 жылғы қаңтарда ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі бизнес субъектілеріне қатысты19,9%-ды(2023 жылғы желтоқсанда – 19,6%), халыққа қатысты19,8%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 16,8%) құрады.

Кредит портфелінің сапасы тұрақты болып қалып отыр. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің2,9%-ыннемесе887 млрдтеңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 863 млрд теңге).

ШОБ-ты есептегенде заңды тұлғалардың портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі2,3%-дынемесе285 млрдтеңгені, жеке тұлғалардың портфелінде3,6%-дынемесе603 млрдтеңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып,74,1%-дықұрайды (01.01.2024ж. – 76,0%).

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердіңдепозиттері2024 жылғы қаңтарда2,5%-ға 33,8 трлнтеңгеге дейін азайды.Заңды тұлғалардың депозиттері2,6%-ға 15,4 трлнтеңгеге дейін,жеке тұлғалардың депозиттері 2,5%-ға 18,4 трлнтеңгеге дейін азайды. Депозиттердің төмендеуі маусымдық факторға, сондай-ақ валюталық депозиттердің қайта бағалануына байланысты болды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2024 жылғы қаңтарда2,4%-ға 26,0 трлнтеңгеге дейін, шетел валютасында3,0%-ға 7,8 трлнтеңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойыншадолларландыру деңгейі2024 жылдың басындағы23,2%-дантөмендеп,23,1%-дықұрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы қаңтарда 14,3%-ды (2023 жылғы желтоқсанда – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,0%-ды құрады (2023 жылғы желтоқсанда – 13,7%).

2024 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы198 млрдтеңге болды, бұл 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 17,1%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4,7%-ды (2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша – 3,8%), капитал рентабельділігі (ROE) 35,9%-ды (2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша – 31,3%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты