Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында25сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2024 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтерінегізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде4,4%-ға2,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға –67,8%(1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға –5,8%(152 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке –5,6% (145 млрд теңге) тиесілі.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелерісақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы қаңтарда 5,8%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталынегізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 2024 жылғы қаңтарда1,7%-ға немесе15,5 млрдтеңгеге920 млрдтеңгеге дейін ұлғайды.   

2024 жылғы қаңтарда сақтандыру нарығы бойыншатаза пайдасақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен14,6 млрдтеңге болды.

2024 жылғы қаңтарда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны1 415мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда49,7%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (255 мың шарт) және өмірді сақтандыру (161 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2024 жылғы қаңтарда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары140,2 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырғанда30,3%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша 2024 жылғы қаңтарда16,4 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын,  сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (71,0%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы қаңтарда49,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,0%-ға көп. Өсу негізінен ауырған жағдай (61,1%-ға немесе 5,7 млрд теңгеге өсу) және өмірді сақтандыру (49,9%-ға немесе 5,7 млрд теңгеге өсу) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы қаңтарда74,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті  сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 13,4%-ға  немесе 6,2 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы қаңтардасақтандыру төлемдері 20,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48,6%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы қаңтарда барлығы 115 мың төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты