Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

Қор нарығын капиталдандыру2024 жылғы қаңтарда 418,7 млрд теңгеге немесе 1,0%-ға азайып, 2024 жылғы 1 ақпанда39,8 трлнтеңгені құрады.

Акциялар нарығын капиталдандырунегізінен «KEGOC» АҚ (-6,0%), «Kaspi.kz» АҚ (-4,0%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,7%) индекстік компанияларының акциялары бағасының төмендеуі есебінен26,5 трлнтеңгеге дейін1,0%-ғанемесе255,9 млрдтеңгеге азайды. Ағымдағы жылғы қаңтар айында акциялармен сауда-саттық көлемі «Кселл» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Матен Петролеум» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда31,8%-ғанемесе6,4 млрдтеңгеге азайып,13,8 млрдтеңгені құрады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің100түрлі акциясы болды.

2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша KASE индексі4 258,7 тармаққадейін1,7%-ғаұлғайды.

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша45түрлі акция,11ETF және 53 шетелдік эмитент болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда8,4%-ғанемесе175,1 млрдтеңгеге ұлғайып, 2024 жылғы қаңтарда2,2 млрдтеңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі2024 жылғы қаңтарда13,3 трлнтеңгеге дейін1,2%-ғанемесе162,9 млрдтеңгеге азайды.

2024 жылғы қаңтарда KASE-декорпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлеміөткен аймен салыстырғанда 2,6 есе немесе 314,0 млрд теңгеге 511,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде108эмитенттің корпоративтік облигацияларының418 шығарылымыболды.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі451,9 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 3,5 есе немесе 322,5 млрд теңгеге жоғары.

KASE-де саудаланатынмемлекеттік борыш2024 жылғы қаңтарда0,9%-ға 24,1 трлнтеңгеге дейін өсті.

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша1,2 трлнтеңгені құрап, бір айда 4,9 есе немесе977,8 млрдтеңгеге ұлғайды.  

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі40,9 есенемесе 977,4 млрд теңгеге1,0 трлнтеңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 11,0 - 13,35% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.

Ұжымдық инвестициялау нарығында2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша51инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 25 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылғы 1 қаңтарда  2,8%-ға немесе7,9 млрдтеңгеге азайып, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша279,9 млрдтеңгені құрады. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі242,5 млрдтеңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің86,7%-ын құрады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығыныңинституционалдық құрылымына39брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым),11кастодиан-банк,21инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ3инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен  сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2024 жылғы қаңтарда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны5,3%-ғаартып,2 575 мыңшотты құрады, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны701 мың қосалқы шотқадейін 4,4 мыңға немесе 0,6%-ға ұлғайды;

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны1 874 мың шотқадейін 125  мыңға немесе 7,1%-ға өсті.

Бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтеріәділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар портфелін төмендету нәтижесінде 2024 жылғы қаңтарда5,3%-ға немесе 37,3 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша665,7 млрдтеңгені құрады.Міндеттемелернегізінен РЕПО операциялары бойынша берешектің 18,9%-ға немесе 38,4 млрд теңгеге  төмендеуі есебінен202,0 млрдтеңгеге дейін15,9%-ға немесе 38,2 млрд теңгеге азайды.Меншікті капиталбөлінбеген пайданың ұлғаю нәтижесінде463,8 млрдтеңгеге дейін0,2%-ға немесе 1,0 млрд теңгеге өсті.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz