Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2024 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі туралы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ)активтері2023 жылғы 4-тоқсанда0,4%-ғанемесе11 млрдтеңгеге (2023 жылы 20,9%-ға өсу) төмендеп, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша2,5 трлнтеңгені құрады. Активтердің төмендеуі кредиттік серіктестіктердің кредиттік портфелінің төмендеуімен байланысты.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп бөлігі микроқаржы ұйымдарына -1 387 млрдтеңге немесе 54,4%, кредиттік серіктестіктерге –847 млрдтеңге немесе 33,2%, ломбардтарға -315 млрдтеңге немесе 12,4% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ныңнесие портфелі2023 жылғы 4-тоқсанда0,9%-ға2,4 трлнтеңгеге дейін азайды (2023  жылы 14,8%-ға өсу).

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар2023 жылғы 4-тоқсанда6,0%-ға 804 млрдтеңгеге дейін азайды (2023  жылы 3,5%-ға өсу).

Дара кәсіпкерлерге берілгенқарыздар331 млрдтеңгеге дейін 0,2%-ға азайды  (2023  жылы  42,7%-ға өсу).

Жеке тұлғаларға берілген қарыздардыңкөлемі 2023 жылғы 4-тоқсанда2,2%-ға ұлғайып (2023 жылы 16,4%-ға өсу), 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша1,3 трлнтеңгені құрады.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  3,9%-дықұрады (01.01.2023ж. – 3,7%). Жеке тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 5,5%-дан 5,6%-ға дейін өсті.  

2023 жылғы 4-тоқсанда МҚҚЖҰ-ныңміндеттемелері 2,3%-ға 1,7 трлнтеңгеге дейін төмендеді (2023 жылы 12,9%-ға өсу). Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің77,0%-ыннемесе1,3 трлнтеңгені құрайды. Міндеттемелердің төмендеуі тартылған қарыздарды өтеуге байланысты.

МҚҚЖҰ-ныңменшікті капиталытоқсан ішінде негізінен микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ұлғаюы және ағымдағы кезеңнің бөлінбеген пайдасы есебінен3,5%-ғаұлғайып, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  869 млрдтеңгені құрады (2023 жылы 40,2%-ға өсу).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты