«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының қабылданғаны туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының қабылданғаны туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 10 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін жетілдіру мақсатында әзірленді және эмитенттердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жарғылық капиталға шетелдік қатысуды (бақылауды) мониторингтеуді жүзеге асыруы үшін орталық депозитарийдің акционерлердің және олардың түпкі меншік иелерінің тізімін қалыптастыру кезінде эмитенттің түпкі меншік иелеріне қатысты ақпаратты сұрату және жинау рәсімін айқындайды.

Қаулының толық мәтінімен http://zan.gov.kz/client/#!/doc/193093/kaz Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090

 e-mail: press@finreg.kz

www.finreg.kz