«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Агенттігінің қызметшілерімен лауазымға тағайындау және еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын әзірлеу туралы хабарлайды (бұдан әрі-Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына мынадай бөліктерге өзгерістер енгізуді көздейді:
1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес келтіру;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 11 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес келтіру;
3) редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізу («Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру, Тағайындау қағидаларының нақты нормасына сілтеме жасау және т.б.).
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14915571.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 237-1228
e-mail: press@finreg.kz