Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Агенттік Басқармасының 2020 жылғы  25 мамырдағы № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Агенттік Басқармасының 2020 жылғы
25 мамырдағы № 57 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Агенттік «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына «Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптарды бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі – Қаулы) Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 2 қаулысын қабылдады.

Қаулыда «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып, уәкілетті органның және (немесе) депозиттерге кепілдік беру ұйымының қызметкерлері банктердің тарату комиссияларының құрамына қатысу мерзімі мен шарттары көрсетіледі.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің интернет-ресурсында электрондық түрде: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/193047/rus және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.

Қызмет бағыты