«Актуарий» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының Қаулысы

«Актуарий» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының Қаулысы

 2024 жылы 29 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Актуарий» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №3 Қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.

Қаулы «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

Осы кәсіптік стандарттың негізінде ұйымдар ішкі қолдану үшін ұйымның ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіптік білім беру деңгейін, еңбек функцияларының, білімдерінің, дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, қызметкерлер үшін корпоративтік кәсіптік стандарттарды әзірлей алады. Сондай-ақ, кәсіптік стандарттарда белгіленген талаптарды ескере отырып, білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлау үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуі мүмкін.

«Актуарий» кәсіптік стандартын кәсіптік біліктілікті тану саласындағы салалық кеңес, уәкілетті орган («Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ) мақұлдады, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының қорытындысын алынды, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен, ҚР Ұлттық Банкімен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілді.

Қызмет бағыты