«ҚРҰБ Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы туралы

«ҚРҰБ Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Басқарма қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді».

Жобаға енгізілген түзетулер банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға немесе ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартудың қосымша негіздерін нақтылауды көздейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14152814 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 237-13-78 телефоны арқылы алуға болады

e-mail: press@finreg.kz

https://www.gov.kz

Қызмет бағыты