Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы №8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ары қарай - Агенттік) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы №8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын дайындағаны туралы хабарлайды (ары қарай – Жоба).
Жоба банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін өзектендіру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14880360.
Агенттіктің сыртқы коммуникациялар Басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz