«Биржадағы бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірлеу туралы

«Биржадағы бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Биржадағы бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң)  іске асыру шеңберінде әзірленді.

Қазақстан Республикасының резиденттеріне төленетін бағалы қағаздар бойынша алынған жылдық жиынтық кірістен дивидендтерді алып тастауға бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне төленетін бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды салық салудан толық босатуға мүмкіндік беретін ережелерді алып тастауға бағытталған түзетулер Салық кодексінің 241, 645, 654-баптарына Заңға сәйкес енгізілді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14894460 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Құжаттар» бөлімінен танысуға болады.