«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 97 қаулысы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 97 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 1021 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 2-міндеті 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында қабылданды, оның шеңберінде 2023 жылғы IV тоқсанда іске асыру мерзімімен банк капиталының жеткіліктілігі коэффициенттеріне қадағалау үстемеақысын (Pillar 2) белгілеу көзделген.
Қаулыда мыналар көзделген:
1) SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысының, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысының, сондай-ақ қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буфер ұғымын, диапазондарын, белгілеу мерзімдерін және қолданысын енгізу;
2) капитал құрылымында SREP нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын, SREP және тұрақты AQR нәтижелері бойынша қадағалау үстемеақысын және қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері бойынша буферді бөлу.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz