Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандырудың жаңа сақтандыру өнімі бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы Қаулы қабылданды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Заң) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру көзделген. Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлем арнайы әлеуметтік төлемнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Заңға сәйкес сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлем мөлшері 1 ең төмен күнкөріс деңгейін (2024 жылға 43 407 теңге) құрайды және мұндай төлемдер жазатайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру шеңберінде қызметкер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін келесі жағдайларда жүзеге асырылатын болады:
- қызметкер 55 жасқа толғанда;
- қызметкер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын кемінде
7 жыл төленгенде; - жұмыскердің зиянды еңбек жағдайларында қызметін тоқтатқанда немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқанда.
2024 жылғы 1 қаңтарда қолданыстағы қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары шеңберінде осындай сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін Заң талаптары бойынша жұмыс беруші мен сақтандыру ұйымы осындай шарттардың талаптарына қосымша келісім жасасу арқылы өзгерістер енгізуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) сақтандыру ұйымдарынан арнайы төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі Заң талаптарын іске асыру мақсатында «Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 98 Агенттік Басқармасының қаулысы қабылданды (бұдан әрі – Қаулы).
Сақтандыру ұйымдарынан зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге төлемдер тағайындау үшін жұмыс берушіге еңбек қызметін тоқтату туралы немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш беру қажет. Жұмыс беруші өз кезегінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың қолданыстағы шарты бар сақтандыру компаниясына төлемдерді жүзеге асыру туралы өтінішпен жүгінуі қажет.
Сондай-ақ, Қаулыда сақтандыру сыйлықақысын есептеу тәртібі және зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар белгіленеді.
Қаулы 2024 жылғы 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz