Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № 101 қаулыны (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады, қаулыда екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау сапасын арттыруы көзделеді.
Қаулының жаңа редакциясы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және мыналарды көздейді.
- Қарыз алушылардың борыш жүктемесін есептеуді қатаңдату:
– тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, барлық қарыз алушыларға және барлық қарыздарға борыш жүктемесінің коэффициентін (бұдан әрі – БЖК) есептеуді қолдану;
− қарыз алушының тұрақты кірістерінің болуын растамайтын 3 өлшемшартты (коммуналдық қызметтер бойынша шығыстар, интернет-дүкенде сатып алу сомасы, меншігінде мүліктің болуы) алып тастау, сондай-ақ өзге де (сауалнамалық) кірістерді пайдалану мүмкіндігін болдырмау;
− жиырма жасқа толмаған қарыз алушылар бойынша БЖК есептеу тек ресми кірістер, жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер, жұмыс орнынан кірістер туралы анықтама және оқу орнынан стипендия туралы анықтама негізінде жүзеге асырылады.
− автокөлік түріндегі кепіл құнын ескере отырып, көлік құралының кепілмен қамтамасыз етілген қарыздары бойынша БЖК есептеуді жүзеге асыру.
- Ойын бизнесіне белсенді қатысатын тұлғаларға тұтынушылық кредиттер беруге қойылатын талаптарды қатаңдату:
− ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғалар үшін өлшемшарттарды айқындау: соңғы 6 (алты) айда ойын бизнесін ұйымдастырушылардың атына жалпы сомасы 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам 6 (алты) немесе одан да көп төлем жасау;
− БЖК-ны 0,25 (нөл бүтін оннан жиырма бес) деңгейінде белгілеу;
− ресми кірістер негізінде төлем қабілеттілігін бағалау;
− қолданыстағы кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі 90 (тоқсан) күннен асатын қарыз алушыларға қарыз беруді шектеу;
− банктердің азаматтардың ойын бизнесін ұйымдастырушылардың атына жіберген төлемдері туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға беруі;
− кредиторлардың қарыз алушының кредиттік есебі негізінде ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғалардың белгілерін айқындауы.
Қаулының толық мәтінімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033880 «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Құжаттар» бөліміндегі ресми интернет-ресурсы арқылы танысуға болады.
Управление внешних коммуникаций Агентства:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz