Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын21екінші деңгейдегі банк құрайды, оның ішінде 12-і шетел қатысатын банк, оның ішінде 9 еншілес банк.

Банк секторыныңактивтеріағымдағы жылғы қарашада1,6%-ға немесе0,7 трлнтеңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша43,1 трлн  теңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 14,4% немесе 5,4трлн теңге). 2022 жылғы қарашада активтердің өсуі несие портфелінің 3,3%-ға немесе 759 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде орын алды.   

Өтімділігі жоғары активтер13,1 трлнтеңгені немесе активтердің30,5%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға кредиттер2022 жылғы қарашада3,4%-ға өсіп,22,2 трлнтеңгені құрады (жыл басынан бері өсім – 20,1% немесе                                  3,7 трлн теңге).

Ұлттық валютадағы кредиттер 3,5%-ға 20,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы кредиттер 2,5%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Заңды тұлғаларға кредиттер2022 жылғы қарашада2,7%-ға ұлғайып,8,3 трлнтеңгені құрады. Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері осы көрсеткіштің өсуі 7,3%-ды құрады (2021 жылғы осындай кезеңде – 5,6%-ға өсті).

Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда,бизнес субъектілерінежиынтық кредиттер 2022 жылғы қарашада2,9%-ға9,3 трлнтеңгеге дейін өсті (2022 жылдың басынан бастап 9,5%-ға өсті).

ШОБ субъектілерінеқарыздар3,7%-ға5,9 трлнтеңгеге дейін (2022 жылдың басынан бастап 12,1%-ға өсті),ірі бизнескеқарыздар -1,6%-ға3,4 трлнтеңге дейін өсті (2022 жылдың басынан бастап 5,4%-ға өсті). Бұл ретте, жыл басынан беріқарыз алушы– ШОБ субъектілерініңсаны 77%-ға293 мыңқарыз алушыға дейін өсті.

2022 жылғы қарашада бизнес субъектілеріне1,2 трлнтеңге сомаға  жаңа қарыздарберілді. Жыл басынан бері бизнеске11,2 трлнтеңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда7,4%-ға артық (10,5 трлн теңге).

Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,7%), саудаға (21,5%), құрылысқа (7,5%) және көлікке (6,2%) тиесілі.

Жеке тұлғаларға кредиттер2022 жылғы қарашада3,8%-ғаұлғайып,13,9 трлнтеңгені құрады (2022 жылдың басынан бері 29,4%-ға өсті). Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесіндеипотекалық кредиттеудің2,1%-ға4,5 трлнтеңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақтұтынушылық қарыздардың 4,4%-ға7,6 трлнтеңгеге дейін өсуі себеп болды.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша  90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі жалпы несие портфелінің3,6%-ын немесе850 млрдтеңгені құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда – 3,3% немесе 669 млрд теңге).

ШОБ-ты ескере отырып заңды тұлғалардың портфелінде NPL90+ деңгейі3,3%-дынемесе 344 млрд теңгені, жеке тұлғалардың портфелінде -3,9%-дынемесе 506 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары болып қалуда және76,1%-ды құрайды.

Банктердіңменшікті капиталыағымдағы жылғы қарашада3,4%-ға 5,2 трлнтеңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1)18,3%-ды, меншікті капиталдікі (к2) –21,5%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

Банк секторыныңміндеттемелері2022 жылғы қараша жеке тұлғалардың салымдарының 3,7%-ға 15,7 трлнтеңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде1,4%-ға37,8трлн теңгеге дейін өсті (міндеттемелер құрылымындағы үлесі 41,5%). Ағымдағы жылдың басынан бері банктердің міндеттемелері  14,3%-ға өсті.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағыдепозиттері2022 жылғы қарашада1,6%-ға29,5 трлнтеңгеге дейін азайды (жылдың басынан бері 8,9%-ға өсті).Заңды тұлғалардың депозиттері5,9%-ға,14,9 трлнтеңгеге дейін азайды,жеке тұлғалардың депозиттері3,1%-ға, 114,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы қарашада0,1%-ға 19,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер4,8%-ға10,1 трлнтеңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде 2022 жылғы  1 желтоқсандағы  жағдай бойыншадолларлану деңгейі2022 жылдың басындағы36,0%-бен салыстырғанда34,2%-ды құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы қарашада  13,8%-ды (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,1%-ды (2021 жылғы желтоқсанда – 8,0%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы 

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты