Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2022 жылғы қараша айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтерінегізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде2,1 трлнтеңгеге дейін1,1%-ға (2022 жылдың басынан бастап 12,7%-ға өсу) ұлғайды.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға –73,0%(1,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға –6,0%(124 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке –3,6%(73 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелері2022 жылғы қарашада1,3 трлнтеңгеге дейін0,5%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан бастап өсім – 16,9%).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталы2022 жылғы қарашада2,1%-ға немесе15,9 млрдтеңгеге ұлғайды және негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен791 млрдтеңгені құрады.

2022 жылғы қарашада сақтандыру нарығы бойыншатаза пайда14,1 млрдтеңге (2022 жылдың басынан бастап – 131,4 млрд теңге) болды.

2022 жылғы қарашада жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны825 601шартты құрады, бұл 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда18,5%-ға аз.

2022 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны11 170 697шартты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда3,9%-ға артық.

Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (6,9%-ға өсу немесе 358 781 шарт), туристі сақтандыру (53%-ға өсу немесе 254 738 шарт) және ауырған жағдайда сақтандыру (25,3%-ға өсу немесе 132 267 шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары2022 жылғы қарашада56 млрдтеңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың 11 айында сақтандыру сыйлықақылары698 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда12,2%-ға немесе76 млрд теңгегекөп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан152 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда29,2%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (ұлғаю 19,6 млрд теңгеге немесе 56,8%).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 11 айда255 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда4,7% -ға аз. Төмендеу, негізінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 60,4% -ға немесе 33 млрд теңгеге азаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан291  млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда22,9%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының15,6%-ға немесе20млрдтеңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша45,6%-ға немесе13 млрдтеңгегеұлғаюыменбайланысты.

2022 жылғы қарашадасақтандыру төлемдері16 млрдтеңгені құрады. 2022 жылдың басынан бастап сақтандыру төлемдері165 млрд теңгеніқұрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда47,8%-ға көп. Өсу, негізінен, қарыздарды және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдердің ұлғаюымен байланысты.

2022 жылғы қарашада барлығы 80 023 төлем, 2022 жылдың басынан бастап   790 277 төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты