Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жай-күйі туралы

 

Қор нарығын капиталдандыру2022 жылғы қарашада 30 млрд теңгеге шамалы ұлғайып, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша37,3 трлнтеңгені құрады (2022 жылдың басынан бері 15,4%-ға төмендеу).

Акциялар нарығын капиталдандыру1,4%-ғанемесе0,3 трлн теңгеге22,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде жыл басымен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі бір ай бұрынғы 22,4%-бен салыстырғанда 21,3%-ға дейін баяулады.

2022 жылғы қарашада KASE индексі3 064,9 тармаққадейін2,2%-ға азайды. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 103 эмитенттің117 акциясыболды, олардың 46 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа  жіберілді. Ағымдағы жылдың қараша айында акциялармен сауда-саттық көлемі қазан айымен салыстырғанда12,0%-ға немесе1,6 млрдтеңгеге төмендеп,11,7 млрдтеңгені құрады.

Корпоративтік облигациялар нарығыақша-кредит талаптарын қатаңдату аясында қорландыру құнының қымбаттауы, сондай-ақ аталған нарықта қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде 2022 жылғы қарашада1,9%-ға немесе283 млрдтеңгеге14,7 трлнтеңгеге дейін азайды (2022 жылдың басынан бері 4,5%-ға төмендеу).

Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі ағымдағы жылғы қарашада екі есе ұлғайды және 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша1 083 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда14,5%-ға артық.

2022 жылғы 1 желтоқсанда KASE сауда-саттық тізімдерінде 84 эмитенттің  корпоративтік облигацияларының 348 шығарылымы болды.

2022 жылғы қарашада KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 62,6%-ғанемесе349 млрдтеңгеге 208 млрдтеңгеге дейін төмендеді.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2022 жылғы қарашада3,6%-ға немесе 708 млрд теңгеге 20,5 трлн теңгеге дейін өсті.

2022 жылғы қарашаның қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі427,5 млрдтеңгені құрап, бір айда10,9%-ғанемесе42млрд теңгеге ұлғайды. Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі295,5 млрдтеңгеге дейін11,0%-ғанемесе36,4 млрдтеңгеге төмендеді.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойыншаұжымдық инвестициялау нарығында46инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша413,7 млрдтеңгені құрап, негізінен 2 жаңа инвестициялық пай қорын ашу есебінен ағымдағы жылғы қарашада3,5 млрдтеңгеге немесе0,9%-ға ұлғайды.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша376,9 млрдтеңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің91,1%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның83,3%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша38брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым),9кастодиан банк,20инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ2инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.

Ағымдағы жылғы қарашадаинвесторлар санының өсуіжалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны525 978 қосалқы шотқадейін 48 848-ге немесе 10,2%-ға өсті (2022 жылдың басынан бастап 138,9%-ға немесе 305,8 мың қосалқы шотқа өсті).

Бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтеріағымдағы жылдың қараша айында1,8%-ғаұлғайып,532,9 млрдтеңгені құрады (жыл басынан бері 5,5%-ға өсті). 2022 жылғы қарашадаміндеттемелер151,9 млрдтеңгеге дейін2,8%-ғаөсті.Меншікті капитал 1,3%-ға390,2 млрдтеңгеге дейін өсті.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz