Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысын (бұдан әрі - Қаулы) қабылдады.
Қаулы қазақстандық қор нарығында жаңа қаржы құралы – ETF енгізу үшін нормативтік құқықтық жағдайлар жасау көзделген. Атап айтқанда, Қаулымен ETF қорларының анықтамасы беріледі, ETF қорларын мемлекеттік тіркеу және инвестициялау тәртібі, сондай-ақ биржалық пай қорының (Exchange Traded Fund) ережелеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Бұдан басқа, Қаулыда қамтамасыз етілген облигациялар нарығын дамытуға, оның ішінде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және облигацияларды ұстаушылар өкілінің қамтамасыз ету сапасына барабар бағалау жүргізу үшін кепіл мүлкін тәуелсіз бағалау нәтижелерін алуға мүмкіндік беру есебінен бағытталған түзетулер көрсетілген.
Қосымша, Қаулыда облигациялар шығару проспектісіне өзгерістерді тіркеу кезінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қорғау бөлігінде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6-тармағына сәйкес келтіруге байланысты түзетулер ескерілді.
Қаулының толық мәтінімен электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында: https://_zan.gov.kz/client/#!/doc/190921/kaz және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.