Сақтауға жататын құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы және оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақтау мерзімдері

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 92 қаулысын (бұдан әрі - Қаулы) қабылдады.
Қаулы «Ұлттық қор - балаларға» жобасын іске асыру мақсатында әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлемдер жасауымен байланысты функцияларды жүзеге асыруының шеңберінде онда сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін айқындайды.
Қаулының толық мәтінімен электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/190821/kaz және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.