Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын21 екінші деңгейдегі банкқұрайды, оның ішінде 12-і шетел қатысатын банк, оның ішінде 9 еншілес банк.

Банк секторыныңактивтеріағымдағы жылғы қазанда1,5%-ға немесе0,6 трлнтеңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша         42,4 трлн  теңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 12,6% немесе4,7 трлн теңге). 2022 жылғы қазандағы активтердің өсуі несие портфелінің1,8%-ға немесе410 млрдтеңгегеұлғаюы нәтижесіндеорын алды.

Өтімділігі жоғары активтер13,0 трлнтеңгені немесе активтердің30,8%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға кредиттер2022 жылғы қазанда1,8%-ға өсіп,21,5 трлнтеңгені құрады (жыл басынан бері өсім – 16,1% немесе 3,0 трлн теңге).

Ұлттық валютадағы кредиттер 2022 жылғы қазанда 2,0%-ға  19,7 трлнтеңгеге дейінұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 0,7%-ға1,8 трлнтеңгеге дейінтөмендеді.

Заңды тұлғаларға кредиттер2022 жылғы қазанда0,8%-ға ұлғайып,8,1 трлнтеңгені құрады. Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері осы көрсеткіштің өсуі4,4%-ды құрады (2021 жылғы осындай кезеңде – 2,4%-ға өсті).

Дара кәсіпкерлерді қосқандағы бизнес субъектілерінің жиынтық кредиттері 2022 жылғы қазанда1,1%-ға ұлғайып,9,0 трлнтеңгені құрады (2022 жылдың басынан бері – 6,4%-ға).

ШОБ субъектілеріне қарыздар1,2%-ға5,7 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2022 жылдың басынан бері – 8,1%-ға), ірі бизнеске қарыздар –1,0%-ға3,3 трлнтеңгеге дейін (2022 жылдың басынан бері – 10,7%-ға). Бұл ретте жыл басынан бері қарыз алушы – ШОБ субъектілерінің саны 63,0%-ға өсіп, 272,9 мың қарыз алушыға жетті.

2022 жылғы қазанда бизнес субъектілеріне1,0трлнтеңге сомасына жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте жыл басынан бері бизнеске10,1трлнтеңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда9,1%-ға артық (9,2 трлн теңге).

Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,4%), саудаға (21,3%), құрылысқа (7,5%) және көлікке (5,7%) тиесілі.

Жеке тұлғаларға кредиттер2022 жылғы қазанда2,5%-ға ұлғайып,13,4 трлнтеңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан бері 24,6%-ға өсті).

Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесіндеипотекалық кредиттеудің3,9%-ға4,4 трлнтеңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақтұтынушылық қарыздардың1,5%-ға7,3 трлнтеңгеге дейін өсуі себеп болды.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын (NPL90+) қарыздарының деңгейі жалпы несие портфелінің3,7%-ын немесе836 млрдтеңгені құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда - 3,3% немесе 669 млрд теңге).

ШОБ-ты ескере отырып заңды тұлғалардың портфелінде NPL90+ деңгейі3,6%-ды немесе 365 млрд теңгені, жеке тұлғалардың портфелінде -3,8%-ды немесе 471 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталады және75,6%-ды құрайды.

Банктердіңменшікті капиталыағымдағы жылғы қазанда2,3%-ға   5,1 трлнтеңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1)18,0%-ды, меншікті капитал (к2) –21,2%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

Банк секторыныңміндеттемелері2022 жылғы қазанда клиенттердің салымдарының 2,6%-ға 30,2 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде1,4%-ға37,3трлн теңгеге дейін өсті (міндеттемелер құрылымындағы үлесі 81%). Ағымдағы жылдың басынан бері банктердің міндеттемелері                  12,7%-ға өсті.

Резиденттердіңдепозиттікұйымдардағы депозиттері 2022 жылғы қазанда2,9%-ға30,0 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері өсім - 10,7%). Заңды тұлғалардың депозиттері 4,1%-ға 15,9 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 1,5%-ға 14,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы қазанда3,4%-ға19,4 трлнтеңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер -2,0%-ға10,6 трлнтеңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 қарашадағы  жағдай бойыншадолларлану деңгейі2022 жылдың басындағы36,0%-бен салыстырғанда35,3%-ды құрады.

Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы қыркүйекте  13,6%-ды (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12,6%-ды (2021 жылғы желтоқсанда – 8,0%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы  

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты