Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2022 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтерінегізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде2 трлнтеңгеге дейін1,1%-ға(2022 жылдың басынан бастап 11,5%-ға өсу) ұлғайды.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес (70,5%) бағалы қағаздарға –1,4 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға –135 млрдтеңге (6,6%), сақтандыру дебиторлық берешекке –83 млрдтеңге (4,0%)тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелері2022 жылғы қазанда1,3 трлнтеңгеге дейін0,8%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан бастап өсім – 16,3%).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталы2022 жылғы қазанда1,6%-ға немесе12,1 млрдтеңгеге ұлғайды және негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен775 млрдтеңгені құрады.

2022 жылғы қазанда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда12,1 млрдтеңге (2022 жылдың басынан бастап – 117,3 млрд теңге) болды.

2022 жылғы қазанда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны1 013 017шартты құрады, бұл 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда11,6%-ға аз.

2022 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны10 345 096шартты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда6,3%-ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (362 862шарт немесе7,7%), туристі сақтандыру (220 182шарт немесе49,1%) және ауырған жағдайда сақтандыру (160 505шарт немесе33,7%) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары2022 жылғы қазанда50,6 млрдтеңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың 10 айында сақтандыру сыйлықақылары642 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда12,9%-ға немесе73,2 млрд теңгегеартық. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан бері140 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда29,5%-ға артық. Өсім негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша орын алды (19,8 млрд теңгеге немесе 61,3%-ға ұлғаю).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылдың 10 айында234,2 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда4,5%-ға аз. Төмендеу негізінен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 58,5%-ға немесе 29,9 млрд теңгеге төмендеуіне байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап268,2 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда24,2%-ға артық. Өсім негізінен мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының18,1%-ға немесе21,1 млрдтеңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша51,6%-ға немесе13,1 млрдтеңгеге ұлғаюына байланысты.

2022 жылғы қазан айындағысақтандыру төлемдері 13,5 млрдтеңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері149 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда51,7%-ға артық. Өсім негізінен қарыздарды сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің ұлғаюына байланысты.

2022 жылдың басынан бері барлығы710 254 төлем, 2022 жылғы қазанда – 70 216 төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты
Қызмет бағыты