Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойыншақор нарығын капиталдандыру2022 жылғы қазанда 2,4%-ға немесе 0,9 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,6%-ға төмендеу) азайып,37,3 трлнтеңгені құрады.

Акциялар нарығын капиталдандыру2,1%-ғанемесе0,5 трлн теңгеге22,3 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде жыл басымен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі бір ай бұрынғы 20,7%-бен салыстырғанда 22,4%-ға дейін жеделдеді.

2022 жылғы қазанда KASE индексі3 132,9 тармаққадейін1,6%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 103 эмитенттің117 акциясыболды, олардың 47 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа  жіберілді. Ағымдағы жылдың қазан айында акциялармен сауда-саттық көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда11,4%-ға немесе1,7 млрдтеңгеге төмендеп,13,3 млрдтеңгені құрады.

Корпоративтік облигациялар нарығының2022 жылғы қазанда2,8%-ға немесе435,7 млрдтеңгеге15,0 трлнтеңгеге дейін азаюы (жыл басынан бері 2,6%-ға төмендеу) аталған нарықтағы ақша-кредит талаптарын қатаңдату аясында қорландыру құнының қымбаттауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде орын алды.

Ағымдағы жылдың қазан айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі екі есеге ұлғайды және 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша922 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда10%-ға артық.

2022 жылғы 1 қарашада KASE сауда-саттық тізімдерінде87эмитенттің  корпоративтік облигацияларының343 шығарылымыболды.

2022 жылғы қазанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі4 есенемесе416,7 млрдтеңгеге557,5 млрдтеңгеге  дейін ұлғайды.

KASE-де саудаланатынмемлекеттік борыш2022 жылғы қазанда1,2%-ғанемесе235,1млрдтеңгеге19,8 трлнтеңгеге дейін өсті.

2022 жылдың қазан айының қорытындылары бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда20,4%-ғанемесе98,6млрд теңгеге төмендеп,385,5 млрдтеңгені құрады. Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі44,1%-ғанемесе101,5 млрдтеңгеге332,0 млрд теңгегедейінөсті.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойыншаұжымдық инвестициялар нарығында44инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен  шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының құнын төмендету есебінен ағымдағы жылдың қазан айында21,2 млрд теңгегенемесе4,9%-ғаазайып, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша410,2 млрдтеңгені құрады.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша375,3 млрдтеңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің91,5%-ынбағалы қағаздар портфелі құрады, оның96,4%-ышетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша38брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым),9кастодиан банк,20инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ2инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың қазан айындаинвесторлар санының өсуіжалғасты.  Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны477 078 қосалқы шотқадейін 33 999-ға немесе 7,7%-ға өсті (жыл басынан бері 116,6%-ға немесе 256,8 мың қосалқы шотқа өсті).

Бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтеріағымдағы жылдың қазан айында1,8%-ғаұлғайып, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша532,9 млрдтеңгені құрады (жыл басынан бері өсім – 5,5%). 2022 жылғы қазандаміндеттемелер 147,8 млрдтеңгеге дейін 19,5%-ға өсті.Меншікті капитал3,7%-ға немесе 14,8 млрд теңгеге385,2 млрдтеңгеге дейін төмендеді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz