2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері 2022 жылғы 3-тоқсанда3,9%-ға ұлғайып, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,9 трлнтеңгені құрады(жыл басынан өсу– 22,1%). Активтердің ұлғаюы микроқаржылық ұйымдардың кредиттік портфелінің өсуімен байланысты болды.

МҚҚЖҰ  құрылымында активтердің неғұрлым жоғары үлесі микроқаржылық ұйымдарға –1 032 млрдтеңге немесе54%, кредиттік серіктестіктерге –632 млрдтеңге немесе33%, ломбардтарға  –251 млрдтеңге немесе13% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2022 жылғы 3-тоқсанда  негізінен, жеке тұлғаларға қарыздардың өсуі нәтижесінде91 млрд теңгеге немесе 5,6%-ғаұлғайып1,7 трлнтеңгені құрады (жыл басынан өсу– 25,8%).

Жеке тұлғаларға қарыздардың көлемі2022 жылғы 3-тоқсанда  6,5%-ға ұлғайып, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша1,3 трлнтеңгені құрады. Оның ішінде дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар223 млрдтеңгеге дейін5,6%-ға  өсті.

Заңды тұлғаларға қарыздар2022 жылғы 3-тоқсанда  430 млрдтеңгеге дейін2,7%-ға ұлғайды, 2022 жылдың басынан бері өсу25,0%-ды құрады.

МҚҚЖҰ портфелінде90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі (NPL) 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша4,7%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша– 4,5%).

Жеке тұлғалардың портфеліндегі NPL деңгейі6,1%-ды құрады(2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша– 5,8%). Жеке тұлғаларға берілген қарыздар сапасының нашарлауы, негізінен, 50  АЕК-ке дейін сомаға қысқа мерзімді микрокредиттер сегментінде байқалады.

Заңды  тұлғалардың портфеліндегі NPL деңгейі ағымдағы жылдың басынан 0,2 п.т.  шамалы төмендеп, 0,5%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойыншаNPL деңгейі  0,7%-ды құрады).

МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 2022 жылғы 3-тоқсанда 3,2%-ға немесе 39 млрдтеңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,3 трлнтеңгені құрады  (жыл басынан өсу – 25,3%). Жиынтық міндеттемелердің ұлғаюы тартылған қарыздардың 5,5%-ға немесе 54,1 млрд теңгеге өсуі нәтижесінде болды, МҚҚЖҰ  міндеттемелерінің құрылымында олардың үлесі82,9%-ды немесе 1 040 млрдтеңге құрайды.

2022 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 5,2%-ға ұлғайып,661 млрдтеңгені құрады (жыл басынан өсу – 16,4%). Бұл көрсеткіштің өсуі бөлінбеген таза пайданың33,4 млрдтеңгеге немесе13,8% ға ұлғаюымен қамтамасыз етілген.

 

Сыртқыкоммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты