«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ты корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды жетілдіру

Баспасөз релиздері «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №91 қаулыны

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 22 желтоқсанда Агенттік Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №91 қаулыны (бұдан әрі – Қаулы) қабылдағаны туралы хабарлайды.  

Қаулы Қорды корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулыда:

-   Қордың директорлар кеңесінің жұмысына қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қордағы корпоративтік басқару жүйесінің негізгі элементтерін айқындау;

-   Қордағы корпоративтік басқару, іскерлік әдеп пен тәуекел мәдениетінің тиісті практикасын қолдану бойынша Қордың директорлар кеңесінің жауапкершілігін арттыру;

-   Қордың директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысына қойылатын талаптарды және Қордың директорлар кеңесінің жекелеген комитеттері Төрағаларының біліктіліктерін жан-жақты регламенттеу;

-   Қордағы комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатқа қойылатын талаптар;

-   Қордың Басқармасының және заң қызметінің комплаенс-тәуекелдерді бақылау жөніндегі функцияларын айқындау;

-   тәуекелдерді басқару  жөніндегі бөлімше басшысының және корпоративтік хатшының біліктілігіне қойылатын талаптар;

-   Қорда корпоративтік басқару кодексінің болуы жөніндегі талап көзделеді.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін күшейтуге мүмкіндік береді және оның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты