Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2022 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтерінегізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде2 трлнтеңгеге дейін0,03%-ға (2022 жылдың басынан бастап 10,3%-ға өсу) аздап ұлғайды.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес (70,7%) бағалы қағаздарға –1,4 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға –126 млрдтеңге (6,3%), сақтандыру дебиторлық берешекке –90 млрдтеңге (4,5%) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелері2022 жылғы қыркүйекте1,3 трлнтеңгеге дейін0,3%-ға азайды (2022 жылдың басынан бастап өсім – 15,4%).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталы2022 жылғы қыркүйекте0,5%-ға немесе4,2 млрдтеңгеге ұлғайды және негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен763 млрдтеңгені құрады.

2022 жылғы қыркүйекте сақтандыру нарығы бойынша таза пайда10,1 млрдтеңге (2022 жылдың басынан бастап – 105,3 млрд теңге) болды.

2022 жылғы қыркүйекте жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны1 145 631шартты құрады, бұл 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда0,1%-ға аз.

2022 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны9 332 079шартты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда7,9%-ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (332 323шарт немесе8,0%), туристі сақтандыру (203 258шарт немесе49,4%) және ауырған жағдайда сақтандыру (171 567шарт немесе40,1%) бойынша шарттарға келеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары2022 жылғы қыркүйекте55,5 млрдтеңгені құрады. 2022 жылдың 9 айында сақтандыру сыйлықақылары592 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда13,3%-ға немесе69 млрд теңгегеартық. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан бері127,9 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда31,5%-ға артық. Өсім негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша орын алды (19,4 млрд теңгеге немесе 64,2%-ға ұлғаю).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылдың 9 айында213,7 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда4,1%-ға аз. Төмендеу негізінен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 59,1%-ға немесе 28,5 млрд теңгеге төмендеуіне байланысты.

 Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап250,1 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда23,7%-ға артық. Өсім негізінен мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының19,3%-ға немесе21,4 млрдтеңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша53,6%-ға немесе12,4 млрдтеңгеге ұлғаюына байланысты.

2022 жылғы қыркүйек айындағысақтандыру төлемдері 23,3 млрдтеңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері136 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда54,1%-ға артық. Өсім негізінен қарыздарды сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің7,1 млрдтеңгеге және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің8,7 млрдтеңгеге ұлғаюына байланысты.

2022 жылдың басынан бері барлығы640 038 төлем, 2022 жылғы қыркүйекте – 75 593 төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты