Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеу туралы хабарлайды.
Жоба инвестициялық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған және жоғары өтімді және өтімді активтер құрамындағы репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарды есепке алу бөлігінде бағалы қағаздар нарығына және сақтандыру ұйымдарына кәсіби қатысушылардың пруденциалдық нормативтерін есептеуді жүзеге асыруға байланысты өзгерістерді көздейді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14854476 интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz