Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

 

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойыншақор нарығын капиталдандыру2022 жылғы қыркүйекте 0,5%-ға немесе 263 млрд теңгеге (жыл басынан бері 13,6%-ға төмендеу) ұлғайып,38,2 трлнтеңгені құрады.

Акциялар нарығын капиталдандыруиндекстік компаниялардың акциялары бағасының өсуі есебінен0,6%-ға немесе141 млрд теңгеге 
22,8 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде жыл басымен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі бір ай бұрынғы
21,2%-бен салыстырғанда 20,7%-ға дейін баяулады.

KASE индексі 2022 жылғы қыркүйекте3 083,8 тармаққадейін2,1%-ғаөсті. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 106 эмитенттің121 акциясыболды, оның 47 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа жіберілді. Ағымдағы жылғы қыркүйекте акциялармен сауда-саттық көлемі15,0 млрдтеңгені құрап, тамызбен салыстырғанда93,7%-ғанемесе
7,2 млрдтеңгеге өсті.

Корпоративтік облигациялар нарығы2022 жылғы тамыздағы аздаған төмендеуден кейін 2022 жылғы қыркүйекте0,8%-ғанемесе121,7 млрдтеңгеге15,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бері 0,2%-ға өсті). Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында ақша-кредит талаптарының қатаңдауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдардың өтелуі аясында қорландыру құнының қымбаттауы нәтижесінде бұл нарықта теріс серпін байқалғанын атап өткен жөн.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде85эмитенттің корпоративтік облигацияларының344 шығарылымыболды. 2022 жылғы қыркүйекте KASE-нің ресми тізіміне7эмитенттің («Сейф-Ломбард» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Fincraft Group» ЖШС, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Логиком» АҚ, «Банк» Bank RBK» АҚ және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ)14облигациялар шығарылымы енгізілді.

2022 жылғы қыркүйекте KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі140,7 млрдтеңгеге дейін48,6%-ға немесе46 млрдтеңгеге ұлғайды.

KASE-де саудаланатынмемлекеттік борыш2022 жылғы қыркүйекте19,5 трлнтеңгеге дейін0,5%-ғанемесе164,8млрдтеңгеге өсті.

2022 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда25%-ғанемесе161млрд теңгеге төмендеп,484,0 млрдтеңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі230,4 млрд теңгегедейін51,1%-ғанемесе240,4 млрдтеңгегетөмендеді.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойыншаұжымдық инвестициялау нарығында44инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер, негізінен, ҚР резидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары құнының төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы қыркүйекте49,6 млрд теңгегенемесе10,3%-ғаазайып, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша431,4 млрдтеңгені құрады.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің90,7%-ыннемесе391,4 млрдтеңгені құрады, оның96,8%-ышетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша39брокер және дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым),9кастодиан-банк,20инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ2инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE-нің негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.

Ағымдағы жылғы қыркүйектеинвесторлар санының өсуіжалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны443 079 қосалқы шотқадейін 35 962-ге немесе 8,8%-ға өсті (жыл басынан бері 101,2%-ға немесе 222,8 мың қосалқы шотқа өсті).

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтеріағымдағы жылғы қыркүйекте2,0%-ғаұлғайып,523,6 млрдтеңгені құрады (жыл басынан бері өсім – 3,6%). 2022 жылғы қыркүйектеміндеттемелер 5,8 млрдтеңгеге дейін 4,9%-ға өсті. Меншікті капитал 400,0 млрдтеңгеге дейін 1,2%-ға немесе 4,6 млрд теңгеге өсті.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты