«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне «өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру сыныптарын реттеу бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне «өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру сыныптарын реттеу бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жобада сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы сақтанушы, сақтандыру ұйымдары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу жолымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және бұзу, оған өзгерістер және толықтырулар енгізу мүмкіндігі көзделеді (Ескерту – онлайн).
Сондай-ақ, Жобада қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін сақтандыру ұйымы қолданатын түзету коэффициентінің ең төменгі мәні белгіленеді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14854674 интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz