Кейбір НҚА бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы НҚА жобасы әзірленді

Кейбір НҚА бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін жетілдіру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес эмитенттердің жарғылық капиталға шетелдік қатысу (бақылау) мониторингін жүзеге асыру үшін акционерлердің және олардың түпкі меншік иелерінің тізімін қалыптастыру кезінде орталық депозитарийдің эмитент акционерлерінің түпкі меншік иелеріне қатысты ақпаратты сұрату және жинау рәсімі айқындалады.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14831725 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz