КҚИ АҚЖМС бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» коэффициентін есептеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба, міндетті автосақтандыру шартының құнын анықтау үшін пайдаланылатын «бонус-малус» жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және келесіні көздейді:
1) «бонус-малус» жүйесі бойынша сыныптар санын ұлғайту;
2) көлік құралын тіркеу аймағынан тыс жерде жол-көлік оқиғасын (бұдан әрі – ЖКО) жасаған сақтанушылар үшін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын оңайлатылған реттеу кезінде «бонус-малус» жүйесін қолдану тәртібін (Еурохаттама) қамтиды;
3) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген ЖКО кезінде «бонус-малус» жүйесін қолдану;
4) сақтандыру ұйымдарының белгілі бір «бонус-малус» сыныптарына жататын сақтанушыларға жеңілдік беру үшін өздерінің скорингтік модельдерін қолдану.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14828948 интернет-порталынан және Агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz