Зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандырудың жаңа сақтандыру өнімі бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату Қағидаларын, зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын Талаптарды және жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге сақтандыру ұйымының шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу Қағидаларын бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік төлемді енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері 1 ең төмен күнкөріс деңгейі шамасын (2024 жылға 43 407 теңге) құрайды және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін арнайы әлеуметтік төлемнің бір бөлігі болады.
Мұндай төлемдерді жүзеге асыру үшін жұмыс беруші мен сақтандыру ұйымы қызметкердің пайдасына еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру аясында зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шартын жасасатын болады.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14816427 интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz