Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жобада қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді қатаңдатуды және ойын бизнесіне белсенді қатысатын адамдарға тұтынушылық кредиттер беруге қойылатын талаптарды белгілеу көзделеді.

 Жобаның толық мәтінімен: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14825199 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар Басқармасы:
+7 (727) 2371089, press@finreg.kz