Сақтандыру секторында және бағалы қағаздар нарығында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім берудің жаңа қағидаларын бекіту туралы

Сақтандыру секторында және бағалы қағаздар нарығында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім берудің жаңа қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

 

Баспасөз релизі

 

2022 жылғы 31 қазан

 

Сақтандыру секторында және бағалы қағаздар нарығында басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім берудің жаңа қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – ҚНРДА) сақтандыру секторында[1]
 басшы қызметкерлерді тағайындауға (сайлауға) келісім берудің жаңа қағидаларын қабылдады  (бұдан әрі – Қаулы).

Қаулы 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленді және басшы қызметкерлерді олар сақтандыру секторындағы басшы лауазымға тағайындалғанға (сайланғанға) дейін алдын ала келісу рәсімін көздейді.

Енді ҚНРДА-дан келісім алу үшін қаржы ұйымы ғана емес, сонымен қатар басшы лауазымға кандидаттың өзінің де жүгіне алуы көзделеді.

Кандидат біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде келісімді сақтандыру секторының шегінде бірқатар лауазымдарға алуға болады. Бұл дегеніміз, егер кандидат реттеушінің лауазымды, мысалы сақтандыру ұйымының атқарушы органы немесе басқару органы басшысының немесе мүшесінің лауазымын атқаруға келісімін алса, онда жұмысын ауыстырған кезде ол реттеушімен қосымша келісімсіз басқа сақтандыру ұйымдарында аталған лауазымды атқаруға құқылы.

Заң нормаларын іске асыру үшін Қаулы кандидаттардың сақтандыру нарығында басшылық лауазымдарды атқаруға мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшараттарын айқындайды. Мұндай өлшемшарттардың қатарына, мысалы реттеушіде кандидаттың қадағалап ден қою шараларының талаптарын бірнеше рет орындамағаны, қаржы ұйымының басшысы ретінде дәйекті емес қаржылық есептілікті жасамағаны немесе қол қоймағаны, бұның аталған ұйымның пруденциялық нормативтерін сақтау туралы мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен шығатын міндеттерді орындамағаны, сақтандыру төлемін жүйелі түрде жүзеге асырмағаны немесе жүзеге асыру мерзімдерін бұзғаны туралы мәліметтердің бар болуы жатады.

Қаулы сондай-ақ уәкілетті органның Басшы қызметкерлердің қолданыстағы келісімдер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды. Https://Www.Gov.Kz/Memleket/Entities/Ardfm/Documents/Details/343854?Lang=Ru сілтемесі бойынша өте отырып, сақтандыру нарығында басшы лауазымдарына орналасуға қолданыстағы келісімдері бар тұлғалар туралы ақпарат алуға болады.

Қаулыны қабылдау көрсетілетін қызметті алушылар үшін сақтандыру нарығында басшылық лауазымдарға орналасуға келісім алуға байланысты мемлекеттік қызметті алу процесін жеңілдетеді және сақтандыру ұйымдарына реттеушілік жүктемені азайтады.

Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде күшіне енеді.

Осыған ұқсас нормативтік құқықтық акт[2]  бағалы қағаздар нарығында басшы лауазымдарына орналасуға кандидаттар үшін қабылданды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

 

[1]  «Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚНРДА Басқармасының қаулысы

[2] ҚНРДА Басқармасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға), оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттары мен келісімді алу үшін қажетті құжаттарға келісім беру қағидаларын бекіту туралы қаулысы