Облигациялар шығарылымы бойынша негіздемелік бағдарламаның мақсаттарына және верификация шарттарына сәйкес облигацияларды орналастыру туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 20 қазанда ««Жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау туралы» қаулысын қабылдады (бұдан әрі - Қаулы).
Қаулы ҚР Премьер – Министрінің 26.07.2022 ж. № 117-ө өкіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі-Заң) іске асыру мақсатында қабылданды.
Қаулы «жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және оларды шығару мен орналастырудан кейін орнықты дамумен байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге қатысты бағалау мен талдау жүргізу үшін ұйымдардың тізбесін белгілеуді көздейді.
Толығырақ ақпаратты +7 (727) 2 37 10 90 телефоны бойынша алуға болады
e-mail: press@finreg.kz