Сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы және банк қызметі бойынша заңнамалық түзетулердің күшіне енуі туралы

2022 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы 2022 жылғы 12 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.
Сақтандыру секторын реттеу шеңберінде:
- өмірді жинақтау сақтандырудың екі жаңа әлеуметтік маңызы бар өнімін – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) және бірлескен зейнетақы аннуитеті шеңберінде білім беру жинақтау сақтандыру өнімін енгізу;
- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың кепілдігімен міндетті сақтандырудың барлық түрін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберінде зейнетақы аннуитеті шарттарын және өмірді сақтандыру шарттарын өтеу;
- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-қа қаржы ұйымы мәртебесін беру;
- сақтандыру нарығының басшы қызметкерлерін келісу қағидалары мен тәртібін өзгерту, басшы қызметкер лауазымына кандидатты алдын ала келісу рәсімін енгізу;
- уәкілетті органның сақтандыру омбудсманын Сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі ұсынған кандидаттар ішінен сайлауы;
- азаматтарға зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақшаны БЖЗҚ-ға ішінара кері қайтару мүмкіндігін беру және т.б. көзделген.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту шеңберінде:
- Агенттіктің реттеу аясына нарықта ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсететін субъектілердің және инвестициялық консультанттардың қызметін енгізу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы қор нарығындағы инвесторлардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту;
- жеке сектордың қаржыландыруды тарту тетіктерін дамыту (уәкілетті органның акцияларды шетелде орналастыруға рұқсатын хабарлама жасау тәртібіне ауыстыру, бағалы қағаздардың жаңа түрлерін заңнамалық бекіту, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің «жасыл» облигациялар бойынша сыйақыны субсидиялау түрінде қаржылық қолдау алуына мүмкіндік беру, даму институттарының кепілдіктері түрінде облигациялар бойынша қамтамасыз ету түрлерін кеңейту);
- бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын реттеу мен қадағалау тәсілдерін, оның ішінде олардың жүйелік маңыздылығы мен қызметінің ауқымына қарай осы қатысушыларды тепе-тең реттеуді енгізу жолымен қайта қарау;
- қор нарығындағы қызметті ырықтандыру (ұжымдық инвестициялау нысандарының активтерін сақтауды қоспағанда, брокерлік ұйымдар мен инвестициялық портфельді басқарушылар үшін үлестес кастодиандарда клиенттік активтерді есепке алуға және сақтауға тыйым салу алып тасталды, ЖШС нысанында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлер және (немесе) дилерлер құру мүмкіндігі берілді);
- Халықаралық своптар және деривативтер қауымдастығының (ISDA) бас келісімдері шеңберінде қазақстандық компаниялардың тәуекелдерін хеджирлеу үшін құқықтық жағдайлар жасау;
- қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру (төлем агенті ретінде Орталық депозитарийдің қызметтерін пайдалану арқылы эмитенттердің облигацияларды өтеу тәртібін өзгерту, Орталық депозитарий жанынан консультативтік кеңес құру);
- секьюритилендіру нарығын дамыту көзделген.
Банк секторын дамыту шеңберінде:
- қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу процесін жетілдіру;
- банктер, банк холдингтерінің және банктердің еншілес ұйымдарының қызмет түрлерін кеңейту;
- микроқаржы ұйымын банкке айналдыру тетігін енгізу көзделген.
Заңның мына ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі:
- Орталық депозитарийдің «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген эмитенттер және олардың бағалы қағаздары туралы корпоративтік ақпараттың бір бөлігін ашуы;
- кастодианды міндетті түрде тарту арқылы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылауды күшейту;
- Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қор кепілдік беретін сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізуі.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап:
- бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді және бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді бірыңғай процеске біріктіру;
- сақтандыру ұйымдарының Бірыңғай сақтандыру дерекқорына қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарттары бойынша мәліметтерді ұсынуы.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру жағдайларын онлайн-реттеуді енгізу;
- міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін ресімдеуді жеңілдететін Еурохаттаманы енгізу;
- міндетті автосақтандыру бойынша баға белгілеу жүйесін жетілдіру;
- сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін міндетті реттеуді енгізуі;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- актуарийдің сақтандыру ұйымындағы мәртебесі мен рөлін арттыру, актуарийді қаржылық және корпоративтік басқаруға, сақтандыру ұйымының тәуекел-менеджментіне тарту.
ҚР Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 шілдедегі № 117-ө өкімімен бекітілген Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Құқықтық актілер тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес Агенттік Басқармасы тамыз-қыркүйек айларында мына нормативтік құқықтық актілерді қабылдады:
- «Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабардар ету нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 15-тармағы);
- «Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 4-тармағы);
- «Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 5-тармағы);
- «Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 10-тармағы);
- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 11-тармағы);
- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 12-тармағы);
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 26-тармағы);
- «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы (тізбенің 32-тармағы).
Аталған нормативтік құқықтық актілер бойынша ақпарат Агенттік интернет-ресурсының жаңалықтар легінде орналастырылған.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz