Сақтандыру нарығын дамыту мәселелері жөніндегі ҚР кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 15.11.2023ж. №84 қаулы (бұдан әрі – Жоба) қабылдағаны туралы хабардар етеді.
Жобада 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру жағдайларын онлайн реттеу енгізу көзделеді. Сақтандыру қызметінің толық өмірлік циклі: шарт жасасқаннан бастап сақтандыру төлемін алғанға дейін электрондық нысанға ауыстырылады.
Жобада сақтандыру төлемін алу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды қоса беру үшін клиенттің жеке кабинет құруын қоса алғанда, сақтандыру жағдайларын электрондық нысанда реттеу кезінде сақтандыру ұйымдарының, Бірыңғай сақтандыру дерекқорының және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) өзара іс-қимылы бойынша талаптар айқындалған. Сақтандыру жағдайларын реттеу процесінің барлық кезеңдері клиенттің дербес деректерінің қорғалуы мен сақталуын ескере отырып, олардың жеке кабинеттерінде көрінетін болады.
Сақтандыру төлемдерін онлайн реттеуді енгізу сақтандыру төлемдерін алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетуге және ашық етуге мүмкіндік береді.
Жоба Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 қарашада №33651 болып тіркелді. Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz