Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ахуалы туралы

Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ахуалы туралы

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын22 екінші деңгейдегі банк құрайды, оның ішінде 12-сі шетел қатысатын банк, оның ішінде 10 еншілес банк.

Банк секторыныңактивтеріағымдағы жылғы шілдеде2,8%-ғанемесе1,1 трлнтеңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 тамызға40,3 трлнтеңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 7,2% немесе2,7 трлнтеңге). Активтердің өсуі клиенттер салымдарының4,8%-ғанемесе1,3 трлнтеңгеге және несие портфелінің1,1%-ғанемесе240 млрдтеңгегеұлғаюы нәтижесіндеорын алды. 

Жоғары өтімді активтер12,6 трлнтеңгені немесе активтердің31,3%-ынқұрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға кредиттер2022 жылғы шілдеде1,6%-ғаөсіп,20,4 трлнтеңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі 2022 жылдың басынан бері10,1%-дынемесе1,9 трлнтеңгені құрады.

Ұлттық валютадағы кредиттер 2022 жылғы шілдеде 2,1%-ға,18,6 трлнтеңгеге дейінұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 3,7%- ға,1,7 трлнтеңгеге дейінтөмендеді.

Салалар бойынша бөлгенде кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,2%), саудаға (21,3%), құрылысқа (7,5%) және көлікке (5,8%)тиесілі.

Заңды тұлғаларға кредиттер8,0 трлнтеңгені құрап, 2022 жылғы шілдеде 1,2%-ға төмендеді. Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері осы көрсеткіштің өсуі 2,9%-ды құрады (2021 жылғы осындай кезеңде – 1,8%-ға өсті).

Корпоративтік кредиттеу сегментіндегі белсенділіктің төмендеуіне осы сегментте дәстүрлі түрде жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктердің кредиттік қызметін тоқтата тұру, сондай-ақ инфляцияның өсуі салдарынан ақша-кредит шарттарының қатаңдауы әсер етті.

Бұл ретте ірі бизнеске қарыздар 2022 жылдың басынан бері8,9%-ға4,0 трлн теңгеге дейін, ШОБ (ДК қоса алғанда) қарыздары3,6%-ға5,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Жеке тұлғаларға кредиттер2022 жылғы шілдеде 3,4%-ға ұлғайып,12,4 трлнтеңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан бері 15,3%-ға өсті).

Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуі жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесіндеипотекалық кредиттеудің3,3%-ға 4,0 трлнтеңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақтұтынушылық қарыздардың 3,9%-ға 6,9 трлнтеңгеге дейін өсуі себеп болды.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторы бойынша NPL қарыздарының деңгейі 0,5 п.т. немесе 58 млрд теңгеге ұлғайып,828 млрдтеңгені немесе жалпы несие портфелінің3,8%-ынқұрады. (2022 жылғы 1 қаңтарда - 3,3% немесе 669 млрд теңге).

Заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі4,1%-дынемесе 396 млрд теңгені, жеке тұлғалардың портфелінде -3,7%-дынемесе 432 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу72,1%-дықұрайды.

 Банктердіңменшікті капиталыағымдағы жылғы шілдеде7,2%-ға 5,65 трлнтеңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1)17,6%-ды,меншікті капитал (к2) -21%-дықұрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

Банк секторыныңміндеттемелері2022 жылғы шілдеде клиенттердің салымдарын 4,8%-ға 27,7 трлн теңгеге дейін ұлғайту нәтижесінде2,2%-ға 35,5 трлнтеңгеге дейін өсті (міндеттемелер құрылымындағы үлесі 78,1%). Ағымдағы жылдың басынан бері банктердің міндеттемелері 7,2%-ға өсті.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағыдепозиттері2022 жылғы шілдеде3,3%-ға 28,1 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері өсім - 3,5%). Заңды тұлғалардың депозиттері 4,8%-ға, 14,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 1,7%-ға, 13,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы шілдеде3,1%-ға 18,1трлнтеңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер -3,5%-ға 9,9 трлнтеңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойыншадолларлану деңгейі2022 жылдың басындағы36,0%-бенсалыстырғанда35,4%-дықұрады.

Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы шілдеде 12,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,8% (2021 жылғы желтоқсанда – 8,0%) құрады.

  

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты