Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы– өмірді сақтандыру бойынша.

2022 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтері2 трлнтеңгеге дейін1,8%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан 9,6%-ға өсу), ол, негізінен, сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі және қаржы құралдарының құнын шетел валютасында қайта бағалау  нәтижесінде болды.

2022 жылғы 1 тамызға активтердің құрылымында ең көп үлес (71,4%) бағалы қағаздарға тиесілі –1,4 трлнтеңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақша қаражаты мен салымдар137 млрдтенге – (6,8%), сақтандыру дебиторлық берешек – 98 млрд теңге (4,9%).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелері
2022 жылғы шілдеде1,3 трлнтеңгеге дейін1,9%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан 15,1%-ға өсу), Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен,сақтандыру резервтерінің 2,4%-ға немесе24,9 млрдтеңгеге өсуі  есебінен болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталы2022 жылғы шілдеде1,5%-ға немесе 11,1 млрд теңгеге ұлғайды және  сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен752 млрдтеңге болды.

2022 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда7,9 млрдтеңгені құрады (2022 жылдың басынан - 88,2 млрд теңге).

2022 жылғы шілдеде  жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны1 211 739болды, бұл 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда1,7%-ға көп.

2022 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны7 039 453болды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда9,3%-ға көп. Негізгі өсу ауырған жағдайда сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру шарттарының (176 658шарт немесе56,8%),  көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша шарттарының  (175 219шарт немесе5,6%) және туристі сақтандыру бойынша  (138 555шарт немесе47,1%) шарттарының үлесіне келеді. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары2022 жылғы шілдеде65,9 млрдтеңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың 7 айында сақтандыру сыйлықақылары461 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда7,8%-ға немесе33 млрд теңгегекөп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан90,1 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда25,4%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (ұлғаю 10,6 млрд теңгеге немесе 49,2%).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 7 айда158,4 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда10,1%-ға аз. Төмендеу, негізінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 62,9%-ға немесе 26,5 млрд теңгеге азаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан212,3 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда18,3%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының13,2%-ға немесе13,7млрдтеңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша51,3%-ға немесе10 млрдтеңгегеұлғаюыменбайланысты.

2022 жылғы шілдедесақтандыру төлемдері14,4 млрдтеңгені құрады, оның ішінде5,3 млрдтеңге сомаға қарыздарды сақтандыру сыныптары бойынша және6,3 млрдтеңге сомаға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша төлемдер. Жиынтығында 2022 жылдың басынан сақтандыру төлемдері
93 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда34,5%- ға артық.

 2022 жылдың басынан бастап барлығы493 894 төлем, 2022 жылғы шілдеде – 72 000 мың төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

 

Қызмет бағыты