Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2022 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойыншақор нарығын капиталдандыру2022 жылғы шілдеде 3,0%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,7%-ға төмендеу) айтарлықтай қалпына келуді көрсете отырып,37,2 трлнтеңгені құрады.

Үш ай бойы төмендеуден кейінакциялар нарығын капиталдандыруиндекстік компаниялардың акциялары бағасының ұлғаюы есебінен4,4%-ға немесе0,9 трлн теңгеге  21,8 трлн теңгеге дейін өскенін көрсетті. Қалпына келтірудің басталуына қарамастан, 2022 жылдың басынан бері акциялар нарығын капиталдандыру геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында акциялар бағасының төмендеуі нәтижесінде 24,2%-ға немесе 7 трлн теңгеге төмендеді.

Акция бағасының өсуі нәтижесінде 2022 жылғы шілдеде KASE индексі2953,54 тармаққадейін10,4%-ға ұлғайды. 2022 жылғы
1 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 103 эмитенттің118 акциясыболды, олардың 46 шығарылымы KASE Global секторында айналымға жіберілді. Ағымдағы жылдың шілде айында акциялармен сауда-саттық көлемі маусым айымен салыстырғанда20,1%-ға немесе акциялармен мәмілелер санының 12,6%-ға қысқаруына байланысты1,8 млрдтеңгеге төмендеп,7 млрдтеңгені құрады.

Корпоративтік облигациялар нарығы2022 жылғы шілдеде жаңа облигацияларды шығару нәтижесінде1,1%-ға немесе168,6 млрдтеңгеге15,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды, алғаш рет 2022 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш мәнінен асып түсті (жыл басынан бері 0,2 %-ға өсу). Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы ішінде ақша-кредит талаптарының қатаюы аясында қорландыру құнының айтарлықтай қымбаттауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдарды өтеу нәтижесінде осы нарықта теріс динамика байқалғанын атап өткен жөн.

2022 жылғы 1 тамызда KASE сауда-саттық тізімдерінде82эмитенттің328корпоративтік облигацияларшығарылымыболды. 2022 жылғы шілдеде KASE ресми тізіміне2эмитенттің («Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) облигацияларының8шығарылымы енгізілді.

2022 жылғы шілдеде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі238 млрдтеңгеге дейін11,3%-ғанемесе24,2 млрдтеңгеге өсті.

KASE-де саудаланатынмемлекеттік борыш2022 жылғы шілдеде18,9 трлнтеңге көрсеткішіне дейін1,8%-ғанемесе337,2 млрдтеңгеге өсті.

2022 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздар саудасының жиынтық көлемі бір айда4,7%-ғанемесе28,6млрд теңгеге ұлғайып,639,8 млрдтеңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі559,9 млрд теңгеге дейін8,8%-ғанемесе45,2 млрдтеңгегеөсті.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойыншаұжымдық инвестициялау нарығында44, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық инвестициялық пай қоры жұмыс істеді.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер ағымдағы жылдың шілде айында4,8 млрд теңгегенемесе негізінен бағалы қағаздардың валюталық портфелін оң қайта бағалау есебінен1%-ғаұлғайып, 2022 жылғы 1 тамызда481,7 млрдтеңгені құрады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша439,7 млрдтеңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің91,3%-ынбағалы қағаздар портфелі құрады, оның97,8%-ышетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында2022 жылғы 1 тамызда39брокер және дилерлер (16 банк және 23 банктік емес ұйым),9кастодиан-банк,20инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ2инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың шілде айындаинвесторлар санының өсуіжалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны385 909 қосалқы шотқадейін 18 195-ке немесе 5%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 75%-ға немесе 165,7 мың қосалқы шотқа өсті).

Бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтеріағымдағы жылдың шілде айында1,8%-ғаұлғайып, 2022 жылғы 1 тамызда518,8 млрдтеңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 2,7%). 2022 жылғы шілдедеміндеттемелер 130,7 млрдтеңгеге дейін 4,0%-ға өсті.Меншікті капитал 388,1 млрдтеңгеге дейін 1%-ға немесе 4 млрд теңгеге өсті.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz