«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірлеу туралы хабарлайды.

Жобада банк пен оның клиенттерін ойын бизнесімен және есірткінің заңсыз өндірілуімен, айналымымен және (немесе) транзитімен байланысты құқыққа қарсы қызметке тартуға жол бермеу, сондай-ақ ҚР азаматтарында ойынға тәуелділіктің қалыптасуына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында талаптар белгіленеді.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14767045

Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 237-1195

e-mail: press@finreg.kz