КҚИ АҚЖМС бойынша түзету коэффициенттерін есептеу мәселелері бойынша НҚА әзірленді

2023 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициенттерінің 2024 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының № 79 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 12 шілдедегі Заңымен енгізілген 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі – КҚИ АҚЖМС) бойынша икемді тариф қалыптастыру жүйесіне көшу жөніндегі өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулының мақсаты 2024 жылға арналған КҚИ АҚЖМС бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралдарын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін бекіту болып табылады.
КҚИ АҚЖМС туралы Заңға сәйкес сақтандыру ұйымдары жылына бір рет Агенттік бекіткен түзету коэффициенттерін 10%-ға ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.
Түзету коэффициенттерін қолдану 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделген.