У.Т. Утебаевқа «Tansar Capital» АҚ-тың ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабының талаптарына сәйкес Агенттікке Улас Тынысович Утебаевтан «Tansar Capital» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініш және құжаттар топтамасы келіп түсті.
У.Т. Утебаев «Tansar Capital» АҚ-тың 72 500 жай акциясын (9,3%) меншік құқығында иеленетін «Tansar Group» АҚ-тың жалғыз акционері болып табылады және Қоғамның қосымша 17 500 жай акциясын сатып алуға ниетті, бұл жиынтығында 90 000 жай акцияны (11,55%) құрайды.
У.Т. Утебаев ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы № 77 қаулысымен Улас Тынысович Утебаевқа «Tansar Capital» АҚ-тың ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берілді.