«Tansar Group» АҚ-на «Tansar Capital» АҚ-тың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

«Tansar Group» АҚ-на «Tansar Capital» АҚ-тың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабының талаптарына сәйкес Агенттікке «Tansar Capital» АҚ-тың (бұдан әрі – Қоғам) ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы «Tansar Group» АҚ-тан өтініш және құжаттар топтамасы келіп түсті.

Өтініш берген күні «Tansar Group» АҚ «Tansar Capital» АҚ-тың 72 500 жай акциясын (9,3%) меншік құқығында иеленеді және Қоғамның қосымша 17 500 жай акциясын сатып алуға ниетті, бұл жиынтығында 90 000 жай акцияны (11,55%) құрайды.

«Tansar Group» АҚ ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы № 76 қаулысымен «Tansar Group» АҚ-на «Tansar Capital» АҚ-тың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берілді.