БЖЗҚ сақталуға жататын құжаттардың тізбесіндегі өзгерістер туралы қаулы жобасы әзірленді

БЖЗҚ сақталуға жататын құжаттардың тізбесіндегі өзгерістер туралы қаулы жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба «Ұлттық қор - балаларға» жобасын іске асыру мақсатында әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлемдер жасауымен байланысты функцияларды жүзеге асыруының шеңберінде онда сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін айқындайды.

Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14753677 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан  және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми интернет-ресурсының «Құжаттар» бөлімінен танысуға болады.