ҚР бейрезидент- заңды тұлғалары үшін ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтің болуы жөніндегі талаптарға өзгеріс енгізу туралы

ҚР бейрезидент- заңды тұлғалары үшін  ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтің болуы жөніндегі талаптарға өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 26 қыркүйектекте «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулыда Агенттіктің банк холдингі мәртебесін алуға келісімін алған жағдайда банктің банк холдингі мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену арқылы осы банктің акцияларына жанама ие Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары үшін ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің болуы жөніндегі талаптарды қолданбау көзделеді.

Қаулыда ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі жоқ заңды тұлғалар үшін ең төменгі талаптар да көзделеді.

Қабылданған қаулы қаржы нарығына ең төменгі рейтингі жоқ, бұл ретте қаржылық орнықтылық өлшемшарттарына сәйкес келетін жаңа инвесторларды тартуға ықпал ететін болады.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 қазанда тіркелді. Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында танысуға болады.

Қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялану сатысында.

 

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 237-1276

e-mail: press@finreg.kz, www.finreg.kz

Қызмет бағыты