«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіндегі өзгерістер

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 63 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегенін хабарлайды.
Жоба «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тағы (бұдан әрі – Қор) корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру үшін әзірленді. Жоба:
- Қорда корпоративтік басқарудың, іскерлік этиканың және тәуекел-мәдениеттің тиісті практикасын қолданғаны үшін Қордың Директорлар кеңесінің жауапкершілігін күшейтуді;
- Қордың Директорлар кеңесі комитеттерінің, әсіресе стратегиялық жоспарлау комитетінің және аудит жөніндегі комитеттің жұмысына қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі регламенттеуді;
- Қордағы комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатқа қойылатын талаптарды;
- Қордың Басқармасы мен заң қызметінің комплаенс-тәуекелдерді бақылау жөніндегі функцияларын айқындауды;
- тәуекелдерді басқару бөлімшесі басшысының және корпоративтік хатшының біліктілігіне қойылатын талаптарды;
- Қордың Директорлар кеңесінің жұмысына қойылатын талаптарды қоса алғанда, Қордағы корпоративтік басқару жүйесінің негізгі элементтерін айқындауды;
- Қорда корпоративтік басқару кодексінің болуы жөніндегі талапты көздейді.
Бұл өзгерістер мен толықтырулар Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін күшейтуге мүмкіндік беріп, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14716909 ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz