«ҚРҰБ Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары мен банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Басқарма қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді».
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық
нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14151365 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты +7 (727) 237-13-78 телефоны арқылы алуға болады
e-mail: press@finreg.kz
https://www.gov.kz