«ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы туралы

«ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Басқарма қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді».

Жобада Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің филиалдарының басшы қызметкерлерге қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банктік немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін алуға келісім беруден бас тарту негіздерін тарату бөлігінде түзетулер көзделген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14148723 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 237-13-78 телефоны арқылы алуға болады

e-mail: press@finreg.kz

https://www.gov.kz

Қызмет бағыты